Спорт

"Канело" Альварес Головкинмен үшінші рет жұдырықтасу туралы ойын ашық айтты

"Канело" Альварес Головкинмен үшінші рет жұдырықтасу туралы ойын ашық айтты
Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) үшінші рет жұдырықтасу туралы ойын айтты. 

Боксшылар екі рет жұдырықтасқан: 2017 және 2018 жылы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында. Қарымтада қазақстандық төрешілер шешімі бойынша жеңіліп, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы атағынан айырылды.

"Өсекшілердің аузын дәлелмен жабу - тамаша сезім". Альварес Головкинді жеңгені жайлы

"Бокс әлемінде көптеген адам әлі де Альварес Головкинді жеңбеді, екі жекпе-жекте де оның ақысын жегенін сезіп жүр. 

Үшінші жекпе-жек әбден болуы мүмкін, Альвареске сенсек, оған сұраныс болса. Альварес жақында DAZN стриминг қызметімен келісімшарт жасасты, Головкиннен де осыны күіп отыр", - деп жазады ibtimes.com.

"Тек ақы жеген "Канеломен" емес". UFC файтері Головкиннің Хабиб немесе Конормен жұдырықтасу ойын қолдады

Ал бұл туралы Альварестің өзі былай дейді: "Бұл болуы мүмкін жекпе-жек. Ақыр-аяғы болатынын білесіздер. Бізде алдымен 15 желтоқсандағы кездесу бар. Егер жанкүйерлер қаласа, халық талап етсе, болуы әбден ықтимал. Бірақ ол алда. Ал әзірге бар назарымыз алдағы жекпе-жекте". 

"Бізде оған ақша бар". "Канелоның" телесеріктесі Головкинге қызығушылығын түсіндірді

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz