Құлшыманов бұған дейін Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
Қанат Құлшыманов туралы не белгілі?
Қанат Құлшыманов 1987 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Философия докторы (PhD) дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2007 жылы «ҚазАқпарат» ұлттық ақпарат агенттігінде саяси және құқықтық ақпарат бөлімінің тілшісі болып бастаған. Кейін «Қазконтент» АҚ ақпарат агенттігінде журналист болып жұмыс істеген.
Әр жылдары Ұлттық экономика министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінде БАҚ мониторингі және талдау басқармасын басқарған. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметін, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз қызметін басқарған.
2020–2021 жылдары Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары болды. 2021–2022 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметін басқарды. 2022–2024 жылдары Қазақстан премьер-министрінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
2025 жылғы наурыздан бастап Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болды.