"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Камчаткадағы жойқын зілзаладан кейін Жапонияда төрт кит жағаға шығып қалды

Камчаткадағы жойқын зілзаладан кейін Жапонияда төрт кит жағаға шығып қалды
Фото: Toshiyuki Kon / AP / Profimedia

Жергілікті тұрғын киттерді таңертең серфингке дайындалу кезінде байқаған. Оның айтуынша, бұрын бір-екі киттің жағаға шығып қалғанын көргенімен, төрт теңіз жануарының бір мезгілде жағада жатқаны алғаш рет.

«Бұрын бір-екі китті көргенмін, бірақ бірден төртеуін алғаш рет көруім. Бұл — ерекше жағдай», – дейді тұрғын.

TBS телеарнасының тікұшағынан түсірілген кадрларда жағалауда қозғалыссыз жатқан киттердің бейнесі көрсетілген. Теңіз сүтқоректілері анда-санда қозғалғанымен, өз бетімен суға қайта оралуға шамасы жетпей жатқаны байқалады.

Сарапшылар теңіз жануарларының мұндай әрекетін жер сілкінісінің әсерімен байланыстыруы мүмкін. Камчаткадағы бұл зілзала 1952 жылдан бергі ең қуатты жер сілкінісі ретінде тіркеліп отыр.

Қазір Жапонияда тиісті қызметтер киттерге көмек көрсетіп, оларды теңізге қайтару жолдарын қарастырып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.