"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Камчаткада жойқын жер сілкінісі тіркеліп, цунами қаупі төнді

Камчаткада жойқын жер сілкінісі тіркеліп, цунами қаупі төнді

Камчатка жағалауында 7,2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы агенттік 1Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметі" федералды ғылыми-зерттеу орталығының филиалының ақпаратына сілтеме жасап хабарлады, деп хабарлайды Kznews.kz.

"Уақыт (UTC): 2025-09-18 18:58:17 (Астана уақыты бойынша 23:58). Магнитудасы: 7.2. Координаттары: 53,38, 159,92°. Тереңдігі: 123 км", – делінген хабарламада.

Онда Камчатка губернаторы Владимир Солодовтың түбектің шығыс жағалауында цунами қаупі бар екені және жұртшылыққа ескерту жасалып жатқаны түсіндіріледі. Барлық қызметтер жоғары дайындық режиміне қойылды.

АҚШ-тың Ұлттық мұхит және атмосфералық басқармасы (NOAA) да цунами қаупі туралы ескерту жасады.

"Алдын ала жер сілкінісінің параметрлері бойынша... қауіпті цунами толқындары жер сілкінісінің эпицентрінен 1000 шақырымға жақын жағалау сызығында болуы мүмкін", – делінген цунами туралы хабарлау орталығының бюллетенінде.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.