KZNews.kz
Шоу-бизнес

Калифорнияда тұрғын үйлердің үстіне ұшақ құлады (видео) - новости Казахстана

Бауыржан

АҚШ-тың Калифорния штатында Йорба-Линда қаласында тұрғын үйлердің үстіне ұшақ құлады деп riafan.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Ұшақ қатар тұрған екі үйдің үстіне құлап, одан кейін жарылыс болған. Көшенің бойында ұшақ қалдықтары шашылған.

Куәгерлер ұшақтың аспанда бөлшектеліп қалғанын жеткізді.

Өрттен шыққан қалың түтін бірнеше шақырым жерден көрінді.

Алдын ала ақпарат бойынша бес адам қайтыс болып, үш адам ауруханаға жеткізілді.

Ұшақтың ішінде қанша адам болғаны әзірге белгісіз.


Дереккөз: kaz.nur.kz
Бауыржан
Журналист
Автордың басқа материалдары →