KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Қадиша Беготаева Павлодар әкімінің орынбасары қызметінен кетті

• Қайсар Қанат
Қадиша Беготаева. Фото: Валерия Бугаева/t.me/baspasozpvl

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қадиша Қабылдақызы 1969 жылы Новосібір облысында дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды кооперативтік институтын "Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы Павлодар облысы Железин ауданындағы автокөлік шаруашылығында бас бухгалтер болып бастаған.

1995–1999 жылдары Железин ауданының қаржы бөлімінде бас бухгалтердің орынбасары және бас бухгалтер қызметтерін атқарды.

1999–2015 жылдары Железин ауданының қаржы және экономика бөлімінде басшылық қызметтерде еңбек етті.

2015–2021 жылдары Павлодар облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды.

2021 жылдан бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Қадиша Беготаеваның мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 30 жылдан асады.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →