KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Қабір басын да контентке айналдыратын болған ба?”: Анасының мазарына барған Майғазиев сынға қалды

• Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

«МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиев анасының қайтыс болғанына 40 күн толуына орай зират басына барып, марқұмды еске алды. Өнер иесі сол сәтті видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

«Анашымсыз өткен қырық күн», – деп жазған әнші бейнежазбаға Үкітай Ерниязовтың «Анасы жоқ адамдар» әнін қосқан.

«Анаңыздың жаны жәннатта болсын», «Ананың орны бөлек қой», «Бірден үлкейіп кетті, анасы барда жас еді» деген пікірлер жазылды.

Сонымен қатар кейбір қолданушылар «Мазар басынан видео салу қаншалықты дұрыс?», «Қаншама аруақтар жатыр, бұлай түсіру дұрыс емес», «Қабір басын да контентке айналдыратын заманға жеттік» деп сын айтты.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →