ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Юлия Тимошенко президент сайлауына қатысады

Юлия Тимошенко президент сайлауына қатысады

Украинаның оппозициялық "Батькивщина" партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко президент сайлауына қатысады. Киевте өткен партия съезінде делегаттар оны президент сайлауына үміткер ретінде ұсынған. Партия жиынында Украинаның бірінші президенті Леонид Кравчук, Грузияның бұрынғы басшысы, Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили болған. Жақтастары алдында сөйлеген Тимошенко “билікте елге емес, ақшаға жақын саясаткерлер отырмауы тиіс” деп айтқан. Ол Украинаны қуатты елге айналдыру үшін күресетінін жеткізіп, “міндетті түрде Донбас пен Қырымды Украинаға қайтарамыз” деді. Ол президент ретінде сайланса, елдегі жалақы пен зейнетақы мөлшерін көбейтуге де уәде берді. Украинада президент сайлауы 31 наурызда өтеді. Бұған дейін шоумен Владимир Зеленский, радикалды партия басшысы Олег Ляшко, Львов мэрі Андрей Садовый сайлауға түсуге дайын екендерін айтқан.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Бауыржан