АЛМАТЫ, 23 мамыр –Sputnik. Қытай билігі елде коронавирус таралу жағдайы біртіндеп тұрақталып келе жатқанын айтты. Соңғы тәулікте бірде-бір адам вирус жұқтырмаған, 28 симптомсыз вирус тасымалдаушы тіркелді, үш адам жазылған, қайтыс болғандар жоқ.
Аспанасты елінің денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті эпидемия кезінде 82 971 адамда вирус расталды, деп хабарлады РИА Новости.
78 258 адам жазылып шықты, 79 адам ауруханада жатыр. 4 634 тұрғын қайтыс болған. Вирустың сырттан кіргізілу жағдайы - 1 711, олардың 1 670-сі жазылып шықты.