Демография статистикасы: елдегі әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Йемендегі ахуал шиеленісті

Йемендегі ахуал шиеленісті

Астана. 12 желтоқсан. KAZISLAM – Әлем бойынша ең аштыққа ұшыраған ел Йеменде гуманитарлық ахуал шиеленісті. Қазір мұнда қандай да бір көмекке мұқтаж адамдар саны 20 млн-ға жетті, бұл жалпы халықтың 70%-ын құрайды, деп хабарлайды Ansar.ru.

Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге жоғары. БҰҰ гуманитарлық мәселелер жөніндегі үйлестірушісі Марк Лоукоктың айтуынша, аштық Йеменнің 330 ауданы тұрғындарын жайлаған. Қазіргі уақытта елге гуманитарлық көмек шарасына 152 мемлекет қатысып отыр.

БҰҰ гуманитарлық мәселелер жөніндегі басқармасы бұған дейін 2019 жылы Йемен халқына көмек үшін қажет қаражат көлемі туралы баяндама жариялаған болатын. Құжатқа сәйкес Йеменге кемінде 4 млрд доллар қаражат қажет.

БҰҰ алдағы уақытта елге гуманитарлық көмекке қосымша қаражт ұйымдастыру қажеттігін хабарлайды.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Әлихан