Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Ашық сабақ.Тақырыбы: Экономика және жекеменшік. 9 сынып
Автор: Сарсенова Самал Сенгалиевна
Бағыты: Адам және қоғам Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-12
Материал туралы қысқаша түсінік
Адам.Қоғам.Құқық пәні мұғалімдеріне көмек
Тексерілді:_________________сыныбы: 9Сабақтың тақырыбы:Экономика және меншікСабақ мақсат - міндеттері:1. Білімділік: Оқушыларға «экономика» ұғымының мәнін түсіндіру, меншік түрлерімен, меншіктің түрлі нысандарындағы кәсіпорындар қызметімен таныстыру, экономикалық жүйе түрлерін талдау2. Дамытушылық-оқушыларға адамның материалдық өндірістің негізі екенін ұғындыра отырып, өз бетімен іздене білу қасиетін жетілдіру;3. Тәрбиелік-экономикалық жүйелер мен нарықтық экономиканың талаптарын түсіндіре отырып, оқушыларды білімге, еңбекқорлыққа, нарықтық экономика талаптарына сай азамат етіп тәрбиелеуСабақтың типі:Жаңа білім беру сабағыСабақтың түрі:дәстүрлі емес сабақСабақтың әдіс-тәсілі:Блум таксономиясы бойынша талдау, баяндау, өз ойын айту, талдау,пікір алмасу, сұрақ-жауапСабақтың көрнекілігі:слайд, сызба, суреттерПәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, экономикаСабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру3. Оқушылар зейінін сабаққа аударуІІ. Оқушыларды топқа бөлу:1. «Меншік» тобы2. «Нарық» тобы3. «Кәсіпкер » тобы4. «Өндіріс» тобы«Білу» 1 – кезеңОқушылардың үй тапсырмасын пысықтап қорыту дағдысын қалыптастыру кезеңі1.қажеттілік дегеніміз не?2. қажеттіліктің неше түрі бар?3.Америкалық ғалым Маслоудың ілімі бойынша қажеттіліктер нешеге бөлінеді?4.экономика дегеніміз не?5.өндіріс дегеніміз не?6.Өндіріс факторларына нелер жатады?«Түсіну»(Жаңа материалды баяндау Оқушылардың қызығушылығын ояту. Меншік деген не?, меншіктің қандай түрлерін білесің?«Меншік » ұғымыЭкономикалық жүйе қызметінде меншік қатынастары жоғары маңызға ие.Қазақстан Республикасында меншіктің 2 түрі танылады:1. Мемлекеттік меншік2. Жеке меншікЖеке меншік – жеке адамдар мен фирмалардың жерді, капиталды және т.б. алу, билеу, пайдалану, сату және мұраға қалдыру құқығы.Нарықтық және нарықтық емес экономикалық жүйеде меншіктік қатынастардың бір-бірінен айырмашылығы бар. Нарықтық емес экономика мемлекеттік меншікке негізделеді. Ал нарықтық экономика ең алдымен жеке меншікке негізделеді.«Кәсіпорын» ұғымыКәсіпорын дегеніміз – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен түсім түсіру мақсатында жұмыстар атқаратын және қызмет көрсететін, өнім өндіру үшін құрылған, өздігінен шаруашылық жүргізетін субъект.Кәсіпорындар жеке, мемлекеттікменшіктегі, қоғамдық меншіктеболып құрылуы мүмкін. Экономикасы дамыған елдердежеке азаматтардың меншігіненегізделген кәсіпорындар басым.Жалгерліккәсіпорындар мүлік иесі мен сол мүлікті жалға алған еңбек ұжымы арсындағы жалға беру туралы шарттың негізінде құрылады.Мемлекеттіккәсіпорындар – мемлекеттікбилік органдарының өкімімен құрыладыАраласменшік нысанындағы кәсіпорынға акционерлік қоғамдарды жатқызуға болады. Акционерлік қоғамдардың мүлкі акционерлердің салымдарынан құрылады.«Экономикалық жүйе » түрлеріТауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығын экономикалық жүйе депатаймыз.Экономикалық жүйенің 4 түрі бар:1. Дәстүрлі2. Жоспарлы3. Нарықтық4. АраласДәстүрлі жүйеде еңбек ресурстары қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптар жүйесі бойынша анықталады.Жоспарлыэкономикада экономиканың қызметі орталықтан жоспарлы жүргізіліп, мемлекеттарапынан қатаң бақылауға алынады. Жоспарлыэкономикадамемлекеттікменшіктегі кәсіпорындар қызметі дамытылады.Нарықтық экономика – тауар-ақша қатынастарына негізделген, жекеменшік пен өндірушілердің еркін бәсекелестігі орнаған экономикалық жүйе. Мұнда негізгішешімдімемлекетемес, өнім өндірушілер мен тұтынушылар қабылдайды.Нарықтық экономиканың негізгіэлементтері – сұраныс пен ұсыныс.Аралас экономика – жекеменшікке және оның түрлі формаларынанегізделген экономикалық жүйенің біртүрі«Қолдану»(Алған жаңа білімдерін сабақ барысында қолдану) Оқулық мәтінімен танысаотырыппостер қорғау«Меншік» тобы, «Нарық» тобы - «Адам – экономиканыдамытушы, материалдық игілікті өндіруші, еңбек етуші тұлға»«Кәсіпкер » тобы, «Өндіріс» тобы – «Егер мен кәсіпкер болсам...»«Талдау»1 – тапсырма «Дискуссиялық өрнек»
№
Сұрақтар
«иә»
«жоқ»
1
Экономика сөзі грек тілінен аударғанда «шаруашылықты жүргізу» деген мағынаны білдіреді
+
2
Экономикалық жүйе 2ке бөлінеді:
+
3
Нарықтық экономикада жекеменшік қарқынды дамып, кәсіпкерлікке кең жол ашылады
+
4
Нарықтық экономикада экономиканың қызметі орталықтан жоспарлы жүргізіліп, мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынады.
5
Тауар өндірушілердің қызметін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйе деп аталады.
+
6
Кәсіпорын дегеніміз – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен түсім түсіру мақсатында жұмыстар атқаратын және қызмет көрсететін, өнім өндіру үшін құрылған, өздігінен шаруашылық жүргізетін субъект.
+
2-тапсырма «Экономикалық диктант»«Меншік» тобына:1. Экономикасы дамыған елдерде ----------------------негізделген кәсіпорындар басым.2. -------------------------------мүлік иесі мен сол мүлікті жалға алған еңбек ұжымы арсындағы жалға беру туралы ------------негізінде құрылады.«Нарық» тобына:1. --------------------- жекеадамдар мен фирмалардың жерді, капиталды және басқа активтердіалу, билеу, пайдалану, ---------------- және мұраға қалдыру құқығы2.Мемлекеттік кәсіпорындар –------------------органдарының өкімімен құрылады«Кәсіпкер » тобына:1. Нарықтық экономика – тауар-ақша --------------негізделген, ------------пен өндірушілердің еркін бәсекелестігі үстемдігі орнаған экономикалық жүйе2. ------------ әрқашан да дамудың және------------ жетілдірудің басты факторы болған«Өндіріс» тобына:1. Орталықтандырылған , нарықтық емес экономика ---------------- немесе қоғамдық меншікке --------------, ал нарықтық бәсекеге құрылған экономика--------------------негізделеді.2. Акционерлік қоғамдардың мүлкі қоғамның жарғылық қорына қосқан ---------------------------құрылады«Жинақтау» ТоптастыруЭКОНОМИКА1. Қазіргі таңда Қазақстан қандай экономикалық жүйемен дамыпкеледі?2. Қазақстанда экономиканың қандай саласы жақсы дамыған?3. Қазақстан қандай мемлекеттермен экономикалық байланысжасапкеледі?4. Қазақстанның қандай өнімдері халықаралық сұранысқа ие?5. Елімізде әлі де болса бәсең дамыпкеле жатқан сала ретінде қандай саланыайтаредіңіздер?6. Қазақстан азаматыретінде еліміздің экономикалық дамуына қандай баға бересің?7. Еңбекқор деп қандай адамдыайтамыз?8. Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?9. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктергежетугеболады?
«Бағалау» Рефлексия: Бүгінгі сабақтан алған әсерім....Көп жаңа мағлұмат алдым, білімім толықтыБілімім орташа жетілдіруім керекСабақтан ештеңе түсінбедімБағалау.Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, «Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикалық дамуы » тақырыбында қысқаша хабарлама дайындауҚорытындылауҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағида ұстанып, еліміздің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып демократияландыру бағытын алға жылжытты. Оң саясаттың әсерінен елімізде мұнай өндірісі, ауыр өнеркәсіп салалары халықаралық сұранысқа ие болып отыр. Еліміздің экономикалық әлеуетін одан әрі көтеру– мына сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан жақсы білім алып, сол білімдеріңізді Қазақстанымызды көркейтуге жұмсаңыздар дегім келеді.