Ян Хирт «БАӘ турының» 3-ші кезеңінде 10-шы орын алды
26.02.2019
19:52
0
2

Бүгін «Біріккен Араб Әмірлігінің туры» көпкүндік жарысының үшінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кезеңде Movistar командасының испаниялық шабандозы Алехандро Вальверде топ жарды. Ол 179 шақырым жолды 4:44.50 сағатта басып өтті.
Ал «Астана» үздік нәтижені Ян Хирт көрсетті. Чех шабандозы мәре сызығын 10-шы болып кесті.
Велоспорт. «БАӘ туры». 3-ші кезең
1. Алехандро Вальверде (Movistar) - 4:44.50
2. Примож Роглич (Team Jumbo-Visma)
3. Давид Гауду (Groupama-FDJ)
.... 10. Ян Хирт («Астана»)
Жалпы есеп
1. Примож Роглич (Team Jumbo - Visma) - 9:38:05
2. Алехандро Вальверде (Movistar)
3. Давид Гауду (Groupama-FDJ)
Дереккөз: prosports.kz/kz
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ