Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Израиль әскері Сирия шекарасындағы адамдарды атып тастады

Израиль әскері Сирия шекарасындағы адамдарды атып тастады

Астана. 24 желтоқсан. KAZISLAM – Израиль әскері Сирия шекарасынан елге өтіп кетпекші болған қаруланған адамдарды атып тастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Израиль қарулы күштерінің хабарламасында «әскерилердің Сириямен шекараға жақын маңда Голан шыңындағы «Альфа» тізбегін кесіп өтпекші болған қаруланған адамдарды байқағаны» жазылады. Сарбаздар оқ атқан.  Оқиға салдарынан қаза тапқандардың бар-жоғы белгісіз. Сол хабарламада былай делінген:

«1974 жылғы бөліну келісіміне сәйкес, Израиль егемендігіне қауіп төндірмекші болғандармен күресті жалғастырамыз».

Сирия мен Израиль шекарасындағы Голан шыңында буфер аймағы бар, оны БҰҰ әскері бақылайды. Ол 1973 жылы Қиямет күні соғысынан кейін құрылған.

«Альфа» тізбегі — еврейлер бөлігі, ал «Браво» — сириялық аймақ. Екі ел де шыңды өзінікі деп санайды.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Жандос