Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Израиль әскери әуе күштері Йемен астанасы Сананы бомбалады

Израиль әскери әуе күштері Йемен астанасы Сананы бомбалады
Фото: Mohammed Huwais/AFP

Әуе соққылары қаланың орталық, оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігіне жасалған. «Аль-Масира» телеарнасының дерегінше, шабуыл президент сарайы, мемлекеттік мұнай компаниясы, жанармай қоймалары, электр станциялары және бірқатар әкімшілік нысандарға бағытталған.

Куәгерлердің айтуынша, қалада бірнеше жарылыс болып, өрт шыққан. Жедел жәрдем көліктері оқиға орнына жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бар, бірақ нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац әуе шабуылын растағанымен, егжей-тегжейлі түсініктеме берген жоқ. Әскери радионың хабарлауынша, операция аяқталған. Негізгі нысандардың қатарында президент сарайы, электр станциялары мен жанармай қоймалары болған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.