ка

Изим Бақниязов | өмірбаяны

02.03.2019 12:00
0
3

Изим Бақниязов (1929–1990) 12 маусымда Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Үлкен дихан ауылында туған. Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген. Педагогикалық училищеде мұғалім, Өзбекстан КП Орталық Комитеті жанындағы бірлескен баспаның ұйғыр әдебиеті бөлімінде редактор, «Коммунизм туғи» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жазушы» баспасында редактор боп істеген. Бірнеше жинағы шыққан. Ол орыс ақындарының өлеңдерін ұйғыр тіліне аударуға ат салысқан.

 

 

Шығармалары: Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1958; Алматының алмасы. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1964; Шабыт. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Алтын сағат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Шаруа бала. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Бабалар қадамы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Ар өлшемі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1984.

 

 

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий