Италияда туристерге жеңіл аяқ киім киюге тыйым салынды
7 наурыз, 2019
Италияда туристерге жеңіл аяқ киім киюге тыйым салынды
Чинкве-Терре ұлттық паркінің билігі туристерге жеңіл аяқ киім киюге тыйым салды.
Бұған құтқарушылардың шағымы себеп болған. Құтқарушылар туристердің таулы орманды аймақтарда қолайсыз аяқ киіммен жүретінін, солайша денсаулығы мен өмірін қауіпке тігетінін айтқан.
Енді ббұл ережені бұзғандарға 2300 еуроға дейін айыппұл салынады. Бұл тыйым сәуір айынан бастап күшіне енеді.