Тайваньда турист 25 еуроға балмұздақ сатып алғаннан кейін гидтен полиция шақыруды талап еткен. Бағасының неге қымбат екенін сұрағанда сатушылар оны балмұздақтың тәттілігінен деп түсіндірген.
Оқиға орнына келген полицейлер сатушылардың прайс-парағын әдейі жасырғанын анықтап, екі мың еуро айыппұл салған. Құқық қорғаушылардың айтуынша бұл елде бағаны жасыру әдет болып кеткен және одан үнемі туристер зардап шегеді.