Италия өнері 15-16 ғасыр
Автор: Батыргалиева Салтанат Гумаровна
Бағыты: Сурет Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-01-05
Материал туралы қысқаша түсінік
15-16 ғасырдағы Италия қайта өркендеу дәуіріндегі өнер шеберлерімен , олардың шығармаларымен оқушыларды таныстыру, қайта өркендеу дәуірінің негізгі сипаттары, ортағасырлық ойлаудан Ренесансқа өту жолдарын талдау.XV—XVI ғасырларда өмір сүрген Италияның мәдениет қайраткерлері өз дәуіріндегі өнер өрісін өте жоғары бағалады. Енді Батыс Еуропада өркендеу дәуірі қалыптаса бастады. Мұндағы басталған өнер, әдебиет, мәдениет, ғылым саласындағы бетбұрыс — бірте-бірте Англия, Германия, Франдия, Испания, Голландия және тағы басқа елдерге тарады. Қайта өрлеу мәдениеті антикалық өнер мұраларының үлгісіне байланысты болды. Бірақ ол көнені қайталау емес еді, өнер уақыт талабына сай мазмұны жағынан байи түсті, жаңа стильдер қалыптасты. Қайта өрлеу дәуірі туғызған қайраткерлер білімді, шын мәнінде сегіз қырлы, бір сырлы адамдар болды. Олар әлемді зерттеуден жалықпады. Бұл дәуір суретшілері анатомия, математика, философиямен тереңдей шұғылданды.
«Құрманғазы атындағы саз колледжі» МКҚК«Бекітемін»«СҚӨ және дизайн» ПЦК жетекшісі_____________М.М.Тулепова«____»__________2019 ж.
Пәні: Қазақстан көркем мәдениеті және дүниежүзілік өнер тарихы Оқытушы: Батыргалиева С.Г.Тобы: 3 курс,қазақ,бюд. тобыАудитория 511Күні: Уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Италиядағы Қайта өркендеу дәуіріне жалпы сипаттамаСабақтың мақсаты:Білімділік: қайта өркендеу дәуірінің негізгі сипаттары, ортағасырлық ойлаудан Ренесансқа өту кезеңімен таныстыруДамытушылық: қайта өркендеу дәуіріндегі өнер шеберлерімен , олардың шығармаларымен таныстыру.Тәрбиелік: : оқушыларды патриоттыққа, елжандылыққа, адамгершілікке баулу, пәнге деген қызығушылығын оятуСабақ түрі: араласӘдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, талдау.Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер,белсенді тақта, нақыл сөздер, сол кездегі суретші, сәулетшілердің шығармалары, Италияның картасы т.б.Пәнаралық байланыс: тарих, сурет, кскіндеме, мүсінСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу, аудиторияның дайындығын тексеру, барлық оқушыларда құрал-жабдықтарын болуын қадағалау.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
ІІ «Халықтың өркендеп өсуі үшін азаттық пен білім қажет» Ш.Уалиханов.
Мен ,сіздерге үйге: Франсуа Рабле, Уильям Шекспир, Мигель Сервантес, Томас Мор, Николай Коперник, Джордано Бруно, Галилео Галилей, Исаак Ньютон атты әр түрлі салада әлемге еңбектерімен танымалы адамдар туралы деректер іздеп, қысқаша мәлімет алып келуге тапсырма бердім. (Үй тапсырмасын сұрау)Франсуа Рабле- француз жазушысы, Қайта өркендеу дәуірі әдебиетінің өкілі., Уильям Шекспир- ағылшынның ұлы драматургы әрі ақыны, әлемнің ең әйгілі драматургтарының бірі, Мигель Сервантес-– испан әдебиетінің ең ірі өкілі, Томас Мор- ағылшын гуманисі, утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі., Николай Коперник- дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы, математигі, экономисті.Джордано Бруно— италиялық философ, ақын, астроном, пантеизм өкілі -, Галилео Галилей- итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен.Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. Исаак Ньютон- ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы. Осы адамдардың бәрі бір кезеңде өмір сұрген. Бұл кезең — "Қайта өрлеу мәдениеті" деген атпен тарихқа енді. . Қайта өрлеу дәуірінің алғаш дамыған жері Италия елі болды.
ОЙ ҚОЗҒАУ Италия дегенде ойымызға не оралады, не туралы не айтқымыз келеді?
Материалды сайттан тегін жүктеу
- Италия дегенде көзіме етік елестейді.
- Италияндықтар қызу қанды халық.
- Ертеректе Визувий тауында вулкан атқылап Неаполь қаласын басып қалған.
- Қазір Неаполь қаласы ашық аспан астындағы музей.
- Макаронның отаны
- Астанасы Рим. Рим архитектурасы өте жақсы дамыған қала.
- Ласкала театры бар. Опера әншілері осы театрда өз білімдерін тереңдетіп, дауыстарын шыңдайды. Ә. Дінішев, Майра Мұхаммедқызы.
- Су үстіндегі қала Венеция
- Олай болса бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз Италия.
- "Қайта өрлеу мәдениеті"жаңа кезеңің басталуы
- Атақты суретшілер, мүсіншілер, сәулетшілер шығармалары
- Үй тапсырмасы
Жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!