Әлем

Испанияда мыңнан аса адам қайтыс болды

Испанияда мыңнан аса адам қайтыс болды
Фото: Pixabay

Ресми мәліметке сәйкес, өлім-жітім көрсеткіші 2025 жылдың 16 мамыры мен 13 шілдесі аралығында тіркелген. «Карлос III» институтының MoMo жүйесі (күнделікті өлім көрсеткішін бақылау) осы кезеңде ауа температурасының күрт жоғарылауынан 1180 адамның қаза тапқанын анықтаған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1035 пайызға көп. 2024 жылы дәл осы уақытта 114 адам қайтыс болған.

SRN News мәліметінше, 2025 жылдың маусымы Испанияда метеобақылау тарихындағы ең ыстық ай ретінде тіркелді. Осы аралықта елде 76 рет «қызыл деңгейдегі» қауіп жарияланған.

Министрліктің дерегінше, қайтыс болғандардың 95 пайызы – 65 жастан асқан, басым бөлігі – әйелдер. Сонымен қатар 10 адамның тікелей күн өтуінен қаза тапқаны анықталған. Олардың бесеуі – қарттар, төртеуі – 52 мен 62 жас аралығындағы азаматтар. Бір адамның жасы нақты көрсетілмеген.

Мамандардың айтуынша, мұндай аптап алдағы жылдары да қайталануы мүмкін, сондықтан егде жастағы адамдарға ерекше сақ болу қажет.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz