Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ісләм Жарылғапов | өмірбаяны

Ісләм Жарылғапов |  өмірбаяны

Ісләм Жарылғапов (1918–1993) - 4 тамызда Жезқазған облысының Жаңарқа ауданындағы Бірлік ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы педагогикалық училищесін бітірген (1942). Мәскеу Жоғары дипломатия академиясының тыңдаушысы болған (1944–1945). 

1942–1974 жж. мектеп мұғалімі, институт оқытушысы, Алматы облыстық комсомол комитетінің хатшысы, БЛКЖО Орталық Комитетінің (Мәскеуде) нұсқаушысы, Алматы қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің лекторы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары (1946–1952), Партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, «Жазушы», «Қазақстан» баспаларының аға редакторы, редакция меңгерушісі, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің алқа мүшесі, Өнер басқармасының бастығы, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағында көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, аударма кеңесінің төрағасы секілді қызметтер атқарған. Көркем әдебиет саласында М.Горький, М.Шолохов, А.Герцен, Л.Толстой, А.Пушкин, Ф.Ниязи, Ә.Несин, У – Ян, К.Цеткин, В.Бердаль, И – Р. Бехер, т.б. жазушылардың әр жанрдағы шығармаларын қазақшалаған. Ұлттық терминология жасау ісіне араласып, қазақ тілі қорын 500ден астам жаңа терминдермен байытты.

«Үздік мұғалім», «Үздік мәдениет қызметкері», «Үздік баспасөз қызметкері» атақтарының иегері.

Автор
Жандос