KZNews.kz
Спорт

Ислам Чесноковтың жеңіс голы шотландықтарды тәнті етті

Асқар Алтайұлы
Фото: instagram/heartofmidlothianfc

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков Шотландия чемпионатындағы алғашқы голын салды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ислам өнер көрсететін "Хартс" клубы 28-ші турда "Фалкиркпен" кездесті. Тартысты бәсекенің бірінші таймының соңында Чесноков қарсылас қақпасына гол салды. 1:0 есебі ойын соңына дейін сақталып, "Хартс" футбол клубы турнир кестесін бастады. Әйгілі "Селтик" пен "Рейнджерс" болса 2 және 3 сатыға жайғасты. 

Естеріңізге сала кетейік 5 апта бұрын Ислам Чесноков қазақстандық "Тобыл" футбол клубынан ауысқан болатын. Ол бұған дейін "Хартс" сапында 2 ойын өткізді. 

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →