"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Ішің ашиды”: Дана Нұржігіт ресейлік шоуға қатысқан Әміреге байланысты пікір білдірді

“Ішің ашиды”: Дана Нұржігіт ресейлік шоуға қатысқан Әміреге байланысты пікір білдірді
Фото: instagram.com/amre_official

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт ресейлік ән жобасына қатысып жатқан қазақстандық әнші Әміреге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Тележүргізуші өз ойын әлеуметтік желідегі парақшасында ашық жазған. Оның айтуынша, кәсіби деңгейі жоғары, елге танылған өнер иелерінің мұндай байқауларға қатысуы ойланарлық жайт.

«Біздің жұлдыздарға мұндай шоуға барудың қаншалықты қажеті бар? Ернар – әлдеқашан мойындалған, вокалдық мүмкіндігі өте жоғары әнші. Мұны дәлелдеу үшін тағы да осындай бағдарламаларға қатысуы міндет пе?! Ішің ашиды. Ол енді тәй-тәй басып жүрген жас өнерпаз емес. Ернардың өз жолы, өз қолтаңбасы бар. Ол біреудің бағасына зәру емес», – деді Дана Нұржігіт.

Айта кетейік, Әміре ресейлік «Браво! Бис!» музыкалық байқауына арнайы шақыртумен қатысқан. Үш күн бұрын әнші жобаның финалына өткенін мәлімдеді. Сонымен қатар ол әлеуметтік желідегі парақшасында байқау барысында қолдау көрсеткен қазылар алқасы мен жоба ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.