Ерболат Досаев «Самұрық-Қазынадан» да шеттетілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ішімдікпен жаңа атақтарын жуған әскерилер сынға қалды

Ішімдікпен жаңа атақтарын жуған әскерилер сынға қалды
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде әскери қызметшілердің жаңа атақ алуын атап өтіп жатқан видеосы тарады. Аталған жағдайға Қорғаныс министрлігі ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Threads платформасында жарияланған кадрларда бірнеше әскери қызметші, оның ішінде әйелдер, кезекті әскери атақ берілгенін атап өтіп, ішімдік ішіп жатқан сәті көрінеді. 

Видео сипаттамасында олардың әрекеті сынға алынып, мұндай адамдардың жауапты шешімдер қабылдайтынына күмән келтірілген. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл бейнежазба 2018 жылы түсірілген.

Оқиғаға байланысты сол кезде қызметтік тексеріс жүргізіліп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ведомство өкілдері мұндай әрекеттер әскери тәртіп пен қызметтік әдеп нормаларына қайшы екенін атап өтті. 

https://smartnews.kz/news/28307-askeri-atakty-zhuu-videosyna-katysty-ministrlik-zhauap-berdi

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.