Спорт

"Ішінде ең танымалы Жүкембаев". Маман Канададағы қазақстандық боксшылар жайында

"Ішінде ең танымалы Жүкембаев". Маман Канададағы қазақстандық боксшылар жайында
Кәсіпқой бокс бойынша канадалық сарапшы Лорент Поулин Vesti.kz тілшісімен сұхбатында қазақстандық Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) пен Садриддин Ахмедовтың (4-0, 4 КО) бұл елдегі танымалдылығы туралы айтып бері. 

"АҚШ пен Ұлыбританиядағы сияқты Канадада боксты сүйеді. Бокс кештерінде адам көп жиналады. Оның үстіне канадалық жанкүйерлердің ерекшелігі бар, олар барлық жекпе-жектерді тамашалайды. Андеркартқа қызығушылық басты жекпе-жектікімен бірдей. Барлығы андеркарт қатысушылар тізімімен мұқият танысады. Барлығында сүйікті проспектілері бар. Оған қазақстандықтар да кіреді. 

Олардың ішінде ең танымалы Жүкембаев. Бұл боксшының жанкүйері аз емес. Жекпе-жектен кейін ол жанкүйерлермен бірге суретке түседі және қолтаңбасын таратады. Ахмедов те елдің қызығушылығын оятып жүр. Қазақстандық жас боксшы төрт жекпе-жек қана өткізді, дегенмен, канадалықтардың сүйіктісіне айналып үлгерді. Бұл жігіттердің болашағы зор деген ойдамын", - деп атап өтті Поулин. 

Жүкембаев 6 қазанда мексикалық Патрисио Мореноны (20-3, 14 КО) нокаутқа түсірген, ал Ахмедов өзге латынамерикалықты Хесус Хавьер Мендозаны (7-6-1, 6 КО) жеңген.

Екі боксшы да жекпе-жектерін Канадада өткізді. Бұл екі боксшының және өзге де қазақстандықтар Абылайхан Құсаинов (9-0, 6 КО) пен Нұрзат Сабыровтың (7-0, 6 КО) ісін жергілікті Eye of the Tiger Management компаниясы жүргізеді. 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz