ка

Іс-шаралар

02.02.2019 05:19
0
0


Іс-шаралар

Автор: Мамбетай Күлша

Бағыты: Музыка Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-02-01

Материал туралы қысқаша түсінік

Мұғалімдермен бөлісу

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары. Үйретілетін ән : «Тарихым әннің сазында » Т. Нағашыбаев. Музыка сауаты : Аспаптар Музыка тыңдау: Аспаптар дыбысы , күйлер , әндер . Мақсаты : Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысу. Аспаптар дыбыстарын ажырата білуге үйрету. Музыка сауатын дамыту. Халық мұрасын қадірлеп , қастерлеуге тәрбиелеу. Әдісі : Баяндау, ән үйрену . Көрнекілігі : Слайд, суреттер, аспаптар . Барысы : І . Ұйымдастыру кезеңі : ІІ . Үй тапсырмасын сұрау . Сұрақтар беру . Үй тапсырмасы : Халық музыкасы - рухани қазына . а) Әндерді қайталау : 1 . « Сәлем саған мектебім » Л. Хамиди. 2 – шумақ . ( Сенен біліп шығармын ,Аспан барын күн барын .Сен арқылы ұғармын ,Жұмбақ әлем сырларын . ) 2 . « Отан » Л. Хамиди. 1 – шумақ . (Отаным , кең далам орманды, Болаттан соғылған қорғанды . Бақыттың , шаттықтың мекені , Қолдаймын , қорғаймын ордамды). 3 . « Тойбастар » М. Қойшыбаев . 3 – шумақ ( Әлемде той деп бүгін жар саламын , Қонақтарды құрметпен қарсы аламын . Төрлетіңдер , достарым , төрлетіңдер , Сіздер үшін біз бүгін ән саламыз .) ә) Музыкалық дыбыс қатары дегеніміз не ? Дыбыстардың өз биіктіктері бойынша ретімен орналасуы . б) Музыкадағы дыбыс арасын есептеу бірлігі қалай аталады ? ( Тон , жарты тон . Жарты тон – ең жақын орналасқан екі дыбыстың арақашықтығын есептеу бірлігі . Мысалы : ми – фа , си – до аралығы . ) в) Халық музыкасы дегеніміз не ? Жанрларын ата . Халық музыкасының жанрлары:ән, күй, терме, айтыс, жыр. - Қағып , шертіп ойналатын ішекті музыкалық аспап. Ән – күй орындау дәстүрінде пайдаланады. 2 ішекті, 3 ішекті , пішіні әртүрлі түрлері кездеседі. – ысқышпен ойналатын ішекті аспап . Мойыны имек келетін аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады . Аспаптың шанағы терімен қапталып , ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады . Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған . Қазір , ішектері сымнан жасалған төрт ішекті түрі бар . – көп ішекті аспап . « Жетіген » - « Жеті қазына », « Жеті хан », « Жеті және ән » сөздерінің бірігуінен құралған деген пікірлер бар . Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып , шанағы көн терімен қапталады . Тиек орнына асық қойылады . Дауылпаз Дабыл Даңғыра – ұрып ойналатын аспаптар . Аңға шыққанда, діни жоралғыларда, жауынгерлік жорықтарда пайдаланылған. - Көне тілшелі аспап . Ортасында сүйір тілшесі болады . Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан, темір текшелерден жасалған . Дыбысы ұзындығы мен қалыңдығына байланысты өзгеріп тұрады . Асатаяқтар Қоңырау Сақпан Асатаяқ – сілкімелі аспаптар түріне жатады . Халық сілкімелі аспаптарды ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданған . Ұран Сыбызғы Сазсырнай Үскірік Желбуаз Үрлеп ойналатын аспаптардың мүйіз сырнай , ұран , сыбызғы , сазсырнай , тастауық , үскірік , желбуаз деген түрлері кездеседі .Сазсырнай – саздан жасалған , қоңыр үнді болып келеді . Үскірік үні құстың дауысына ұқсас . Бұл аспаптармен халық әндерін орындаған . Болат Сарыбаев ( 1927 – 1985 ) Профессор, зерттеуші, оқытушы. 1978 жылы «Қазақтың музыкалық аспаптары» атты жинағы жарық көрген. Тарихым әннің сазында Әні : Талғат Нағашыбаев Сөзі : Асқар Кіребаев 1 . Қазақтың киіз үйінде , Бұралған сұлу биінде . Тарихтың сыры жатқандай , Сыршылда терең күйінде . Қайырмасы : Домбыра сырлас егізім , Сыралғы мұңдас қобызым . Сызылған саздан жаралған , Адамдық менің негізім . 2 . Қайыңның тартып безінен , Қасиетті саз боп бекіген . Сыңғырлап сазды саз төгер , Жеті ішекті жетіген . Қайырмасы : « Ақбаян » халық әні



Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий