"ЦОНда шынымен посредниктер жүр ме?" – ҰҚК-дан мән-жайды анықтау сұралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван халықаралық әуежайына соққы берді

Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван халықаралық әуежайына соққы берді
Фото: Бейнежазбадан кескін

Иран маңындағы қақтығыс ушығып тұрған кезеңде Әзербайжанның Нахчыван өңірінде дрондар әуежай терминалын нысанаға алып, тағы бірі мектеп маңына құлағаны хабарланды. Оқиғадан кейін Баку Тегеранды айыптаса, Иран тарапы өз қатысын жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды Kznews.kz.

Жергілікті биліктің Euronews-ке мәлімдеуінше, бейсенбі күні жолаушылар терминалы соққыға ұшырағаннан кейін кемінде екі адам жарақат алған. Әзербайжан тарапының дерегінде бір дрон терминал ғимаратына дәл тигені, екіншісі Иран шекарасына жақын Шакарабад ауылы маңындағы мектептің жанында құлаған.

«Иран Ислам Республикасының аумағынан жасалған бұл дрон шабуылдарын қатаң айыптаймыз. Әуежай ғимаратына зақым келіп, екі бейбіт тұрғын жарақат алды», – делінген ресми мәлімдемеде.

Euronews қолына түскен видеоларда әуежайға қарай ұшқан дрон, терминалдағы бүлінген бөліктер, сондай-ақ оқиға орнында жұмыс істеп жүрген шұғыл қызмет өкілдері байқалады. Тағы бір кадрда дронның соғылу сәтінен кейін ірі жарылыс болып, қою түтін көтерілгені көрінеді.

Оқиғадан соң Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Иранға ауыр айып тақты.

«Бүгін Иран Әзербайжан аумағына, Әзербайжан мемлекетіне қарсы террорлық әрекет жасады. Иран мемлекеті Нахчыван Автономиялық Республикасының аумағына ұшқышсыз аппараттар жіберді», – деді Әлиев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Президенттің айтуынша, Иран билігі түсініктеме беріп, кешірім сұрап, «осы террористік әрекетті жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс». Сондай-ақ Әлиев Әзербайжан әскері «толық жауынгерлік дайындық» режиміне көшірілгенін жеткізді.

Бұған дейін бейсенбі күні Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі Иранның елшісін шақыртып, түсініктеме талап еткені де хабарланды.

Ал Тегеран айыптауларды қабылдамай отыр. Мемлекеттік БАҚ таратқан ақпаратқа сүйенсек, Иран Бас штабы:

«Иран Ислам Республикасы… өзінің қарулы күштері Әзербайжан Республикасына қарай дрон ұшырды дегенді жоққа шығарады», – деген.

Дегенмен Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Иранның бұл уәжін теріске шығарып, «мұндай түсініктеме ешбір жағдайда қабылданбайтынын» мәлімдеді.

«Техникалық бақылау жүйелері Иран қарулы күштеріне тиесілі төрт ұшқышсыз аппараттың Әзербайжанның Нахчыван өңіріне қарай бағытталып, шабуыл жасауға жіберілгенін растады», – делінген.

Ведомство Ираннан «ашық терістеуді тоқтатып», болған оқиға үшін кешірім сұрауды және кінәлілердің Иранның тиісті органдары арқылы жазаланғанын қамтамасыз етуді күтетінін атап өтті.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер