Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Иранда 14 мың кәмелетке толмаған жесір бар

Иранда 14 мың кәмелетке толмаған жесір бар

Астана. 17 қаңтар. KAZISLAM – Иранда балаларды қорғау мәселесіндегі әлеуметтік саяси проблемалар талқыланды. ISNA мемлекеттік ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, конференцияға қатысушылар арасында балалар некесіне қатысты мәселелерді көтерген әлеуметтанушы Камил Ахмадтың баяндамасы қызу талқыланды. Сарапшы кезекті рет халықаралық құқық кәмелетке, яғни 18 жасқа толмаған балалар арасындағы некені заңсыз деп танитынын атап кетті, деп жазады Islam-today.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Иранда бұл жағдай шиеленісіп тұр. Елде кәмелетке толмағандар некелері туралы статистика мүлдем жүргізілмейді. Дегенмен, қолда бар деректерге сүйенсек, 1990 жылы некелесушілердің 4,5%-ы 16 жасқа толмаған екен. 1994 жылы бұл көрсеткіш 5,5 %-ға жеткен. Мұндай жағдай бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Алайда, оның нақты сандық көрсеткіштерін анықтау мүмкін болмай отыр. Себебі бұл некелердің көпшілігі алыс елдімекендерде, діни және заңдық сауаттылықтары төмен халық арасында орын алады. Камил Ахмад өз баяндамасында қазіргі уақытта Иранда 14 мыңға жуық кәмелетке толмаған жесір қыздар бар екенін мәлімдеді.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Санжар