Қайрат Сатыбалдыұлының Алматыдағы бұрынғы қонақүйіне қатысты тағы дау шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Иран Қазақстанға Шахид Раджаи портынан жер телімін береді

Иран Қазақстанға Шахид Раджаи портынан жер телімін береді
Фото: e-history.kz

Қазақстан мен Иран арасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында жаңа келісімдерге қол қойылды.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің Иранның жол және қала құрылысы министрі Фарзане Садек бастаған делегациямен кездесуі барысында белгілі болды.

Кездесу барысында Иран тарапы қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін Қазақстанға Шахид Раджаи портынан жер телімін беретінін мәлімдеді. Сонымен қатар, Иран Қазақстанға Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына тікелей шығуға мүмкіндік беретін Чабахар портында жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынды.

Фарзане Садектің айтуынша, Захедан – Чабахар теміржол желісінің құрылысы аяқталуға жақын. Жобаны жақын айларда іске қосу жоспарланып отыр. Теміржол пайдалануға берілген соң Чабахар порты Үнді мұхитын, Орталық Азияны және Еуропаны байланыстыратын халықаралық теміржол желісінің бір бөлігіне айналады.

Өз кезегінде Қазақстан ирандық компаниялардың Каспий теңізіндегі логистикалық қызметін дамыту үшін Ақтау және Құрық порттарынан айлақтар, терминалдар мен порттық алаңдарды ұсыну мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін жеткізді.

Осылайша, тараптар көлік дәліздерін дамыту және өзара сауда-экономикалық байланысты нығайту мәселелерін талқылады.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.