KZNews.kz
Әлем

Иран мен Израиль арасында атыс тоқтатылды - БАҚ

Айжан Сыланова
Фото: dzen.ru

Иранның Press TV телеарнасының мәліметінше, бірнеше зымырандық шабуылдан кейін Таяу Шығыстағы тараптар атысты тоқтатуға келіскен.

«Атыс тоқтатылды», – делінген телеарнаның Telegram парақшасында жарияланған хабарламада.

Times of Israel басылымының хабарлауынша, Израиль премьер-министрінің кеңсесі бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →