«Ақылды протекционизм»: сарапшылар Бектенов үкіметінің отандық өндірісті қолдау саясатын бағалады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Иракта депутаттың үйінен 57 млн доллар, 27 келі алтын және алтын іш киім табылғаны айтылды

Иракта депутаттың үйінен 57 млн доллар, 27 келі алтын және алтын іш киім табылғаны айтылды
Фото: haberler.com

Иракта жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы операция барысында депутат Хинд әл-Аббасидің үйінен 57 миллион доллар қолма-қол ақша, 27 келі алтын және алтыннан жасалған іш киім табылғаны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл деректерді ел билігі әзірге ресми түрде растаған жоқ, деп хабарлайды kznews.kz.

БАҚ мәліметінше, ауқымды тергеу аясында депутаттар, жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлерді қоса алғанда 47 адам ұсталған.

Тергеушілер Хинд әл-Аббасидің үйіне тінту жүргізген кезде ондаған миллион доллар мен көп мөлшерде алтын тәркіленгенін хабарлаған. Сонымен қатар үйден алтыннан жасалған іш киім табылғаны жөнінде де мәлімет тарады.

Бұл іс мемлекеттік қаражатты заңсыз пайдалану және сыбайлас жемқорлыққа қатысты кең ауқымды тергеудің бір бөлігі ретінде сипатталып отыр.

Хинд әл-Аббасидің Ирак парламентінің ресми тізімінде депутат ретінде көрсетілгені айтылғанымен, оның үйінде жүргізілген тінту мен тәркіленген заттарға қатысты ресми органдар әзірге жеке мәлімдеме жасамаған.

Сонымен бірге Иракта жемқорлыққа қарсы бірқатар рейд жүргізіліп, Бағдад пен басқа өңірлердегі лауазымды тұлғалардың үйлері тексерілгені хабарланды.

Тараған ақпаратқа сәйкес, ұсталғандар арасында бірнеше депутат пен жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкер бар. Тінту кезінде қолма-қол ақша, алтын, қару-жарақ және басқа да мүлік тәркіленгені айтылды.

Бұдан бөлек, Ирактың Жоғарғы сот кеңесі бұрынғы мұнай министрінің орынбасарына қатысты іс бойынша шамамен 10 миллион доллар, 3 миллиард ирак динары, алтын бұйымдар, қару-жарақ және ондаған жылжымайтын мүлік тәркіленгенін хабарлаған.

Дегенмен депутат Хинд әл-Аббасидің үйінен нақты 57 миллион доллар, 27 келі алтын және алтыннан жасалған іш киім табылды деген ақпарат ресми түрде расталмағанын ескерген жөн.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер