KZNews.kz
Техно

iPhone 12 гаджетінің өз бағасы белгілі болды

KZNEWS

Nikkei Fomalhaut Techno Solutions порталымен бірігіп жаңа шыққан iPhone 12 смартфонына баға берді. Сондай-ақ, олар өнімнің өз бағасын атады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Өндіруші гаджет жабдықтарын $373 долларға сатып алады. Құрылғының ең қымбат бөлігі – 70 доллар тұратын OLED-экран болып шықты. Екінші орында - бағасы 40 долларды құрайтын A14 Bionic процессоры, ал үшінші орында – 19,2 доллар тұратын оңтүстіккореялық Samsung  вендоріне тиесілі жады. Камера жүйесіне арналған Sony CMOS-сенсорының бағасы 7,4-7,9 доллар аралығында.

Apple ресми дүкенінде жады 64 ГБ болатын iPhone 12 бағасы 799 доллардан басталады. Осылайша жаңа гаджеттен келіп түсетін ақшаның тең жартысы жарнама, логистика және басқа аспектілерге жұмсалады.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары