Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Интерполдың президенті сайланды | КТК

Интерполдың президенті сайланды | КТК

Оңтүстік Корея азаматы Ким Чен Ян Интерпол президенті болып сайланды.

Дауыс беру Дубайдағы конференцияда өтті. Интерпол Бас ассамблеясының 98 өкілі Ким Чен Янды қолдады. Екінші кандидат – орыс генералы Александр Прокопчук – 64 дауыс жинады, деп хабарлайды Сentralasian.org.

Прокопчук кандидаттығына АҚШ, Украина, Литва, ресейлік оппозиция өкілдері, сонымен бірге Ресей билігінің қудалауына ұшыраған британ кәсіпкері Уильям Браудер қарсы шықты. Олар Халықаралық қылмыстық полиция ұйымын (Интерпол) халықаралық құқықты бұзушы елдің өкілі басқара алмайды деп мәлімдеді. Прокопчук үміткерлігіне қарсы шыққандар Ресей оның қызметін есе алу және саяси бәсекелестерін қудалауда пайдалануы мүмкін деп сескенді.

Ким Чен Ян бұған дейін Интерполды уақытша басқарып келді. Интерполдың бұған дейінгі президенті Мэн Хунвэй Қытайда жемқорлық қылмысы үшін ұсталған еді.

Автор
Әлихан