Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Instagram Тұрсен Алагузовтың парақшасын өшіріп тастады

Instagram Тұрсен Алагузовтың парақшасын өшіріп тастады
Фото: azh.kz: UGC

Instagram әлеуметтік желісі кәсіпкер әрі меценат Тұрсен Алагузовтың жеке парақшасын өшірді. Бұл туралы продюсер Баян Алагузова әлеуметтік желідегі сторисінде жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, парақша «агрессивті өсім мен жоғары қамту көрсеткіштеріне» байланысты бұғатталып, кейін толықтай жойылған. Осыған байланысты Тұрсен Алагузов Instagram-да жаңа ресми аккаунт ашуға мәжбүр болған.

Баян Алагузова жаңа парақшаның @tursengali.t екенін атап өтіп, бұл Тұрсен Алагузовтың жалғыз ресми аккаунты екенін мәлімдеді. Ал басқа барлық парақшалар — жалған.

«Бұл — Тұрсеннің жалғыз ресми парақшасы. Қалғанының бәрі — фейк», — деп жазды ол.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.