Қазақстанның 71% мұғалімі өз жалақысына көңілі толады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Индонезияда ұсталған Сұлтан Сәрсемалиевтен төлқұжаттар мен банк карталары тәркіленді

Индонезияда ұсталған Сұлтан Сәрсемалиевтен төлқұжаттар мен банк карталары тәркіленді

Индонезияда ұсталған Сұлтан Сәрсемалиевтен бірнеше төлқұжат, банк карталары, ұялы телефондар және жеке құжаттар тәркіленді, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Жангелдин ауылында із-түзсіз жоғалған отбасы мүшелеріне тиесілі болуы мүмкін. Қазір құжаттардың нақты иесі анықталып, олардың Мирамгүл мен Наурыз есімдерімен байланысы тексерілуде.

Отбасы жоғалғаннан кейін Наурыз мессенджер арқылы хабарласып, анасына шұғыл ем қажет екенін айтып, малды сатып, қаражатты Насип Үтешқалиева атына рәсімделген банк картасына аударуды сұраған. Әлеуметтік желіде өзін «хакермін» деп таныстырған адам Наурыздың телефоны белгілі бір уақытта Өзбекстан мен Индонезияда тіркелгенін, ал марқұм әйелдің картасынан зейнетақы алынғанын мәлімдеген. Алайда бұл ақпарат ресми расталған жоқ.

Белгілі болғандай, Ақбаян мен оның жұбайы 2–5 қараша аралығында Жангелдин ауылында болған. Әлеуметтік желіде Индонезия полициясындағы кадрлар тарады, онда Ақбаян түсініктеме бермей отырғаны көрінеді.

Қазір бес бала мемлекет қамқорлығына алынған, оларға әжесі барып тұрады. Сұлтан мен Ақбаянды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Тергеу жалғасуда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.