Тәуекел тест-драйвы: Ұлттық банк криптонарыққа 350 млн доллар жұмсамақ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Иманғали Тасмағамбетовтің ҰҚШҰ бас хатшылығынан не себепті кететіні белгілі болды

Иманғали Тасмағамбетовтің ҰҚШҰ бас хатшылығынан не себепті кететіні белгілі болды
Фотоиллюстрация: Kznews

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жаңадан бас хатшысын тағайындайды. Украинадағы соғысқа қатысты мәлімдемелерінен кейін басы дауға қалған қазіргі бас хатшы, қазақстандық саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтің өкілеттік мерзімі аяқталады, деп хабарлайды kznews.kz.

Мән-жай

27 қарашада Бішкек қаласында Қырғызстан тарапының төрағалығымен ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК), Қорғаныс министрлері кеңесінің (ҚМК) және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің (ҚКХК), сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) бірлескен отырысы өтеді.

«ҰҚШҰ ҰҚК сессиясында, атап айтқанда, мүше мемлекеттердің қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ортақ көзқарастары көрсетілетін декларацияны қабылдау және 2026–2029 жылдардағы үш жылдық кезеңге арналған ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымына кандидатураны қарастыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2026 жылы Ресей Федерациясының ұйымға төрағалығының басымдықтары жарияланады деп күтілуде», – делінген ұйым сайтында жарияланған хабарламада.

Тасмағамбетовтің еңбек жолы

68 жастағы Иманғали Тасмағамбетов әр жылдары Қазақстан премьер-министрі, қорғаныс министрі, Алматы мен Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2017 жылдың ақпанынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі болған. Кейін оның зейнетке шыққаны хабарланған.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары