Тоқаев Alem.ai орталығын аралады: Astana Smart City, Tomorrow School және CryptoPay таныстырылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Имамдардың орнын AI баса ма? Қазақстанда жаңа жоба таныстырылды

Имамдардың орнын AI баса ма? Қазақстанда жаңа жоба таныстырылды
Фотоиллюстрация: Kznews

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жасанды интеллектке негізделген жаңа цифрлық сервисті іске қосуды жоспарлап отыр. «Imam AI» деп аталатын жоба мұсылман қауымының діни сұрақтарына жедел әрі сапалы жауап беруге бағытталған, деп хабарлайды kznews.kz.

Жоба Жоғарғы мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен аппараттық жиында таныстырылды. Мәліметке сәйкес, сервистің пилоттық кезеңі 2026 жылдың мамыр айының басына жоспарланған.

ҚМДБ-ның цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікқанұлының айтуынша, Imam AI – заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін біріктірген платформа. Ол діни-ағартушылық бағытта жұмыс істеп, пайдаланушылардың сұрақтарына нақты әрі сенімді жауап ұсынуға мүмкіндік береді.

Жаңа сервис имамдар мен діни мамандардың кеңесін онлайн форматта қолжетімді етіп, қоғамның діни сауаттылығын арттыруға ықпал етпек. Сонымен қатар, бұл жоба Қазақстандағы діни цифрландыру үдерісінің маңызды бөлігі саналады.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты бөлімдерге Imam AI жобасын уақытылы әрі сапалы іске қосу тапсырылды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.