"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Имамдар қайғылы оқиғаға байланысты дұға жасады

Имамдар қайғылы оқиғаға байланысты дұға жасады

Астана. 5 ақпан. KAZISLAM – Астана қаласындағы Көктал тұрғын алабындағы өртке оранған уақытша баспанада болған қайғылы оқиға қазақ жұртының қабырғасын қайыстырып кетті.  ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Елорда мешіттерінің бас имамдары басқосу өткізді.

Қайғылы оқиғаға байланысты жиында қайырымдылық шараларын ұйымдастыру жайын талқылады. Ата-анасының жаралы жандарын жұбатып, қол ұшын созу жайын талқылаған отырысқа ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, Баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысып, өз пікірлерін қосты.

Жиналыс барысында мешіт имамдарына жаназа рәсіміне қатысты нақты тапсырмалар беріліп, қайырымдылық шарасына үндеді. Тағдыр сынағына түскен отбасының «жыртығына жамау» боларлық көмек көрсетіп, жаппай жанашырлық танытуға шақырды. Басқосу соңында қазаның арты қайырлы болуын тілеп, қайғы жамылған отбасыға арнайы дұға жасалды.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Бауыржан