Қазақстанда мұғалімдерге гүл алуға және мектеп бітіру кештеріне жиналатын қаражаттың шекті мөлшері енгізіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Имам марқұм жатқан бөлмеде 40 күн шырақ жағу туралы пікір білдірді

Имам марқұм жатқан бөлмеде 40 күн шырақ жағу туралы пікір білдірді
Ашық дереккөзден

Нұрлан имам марқұм жатқан бөлмеде 40 күн бойы шырақ жағып қоюдың діни тұрғыдан міндет емес екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Имамның сөзінше, мұндай әрекеттің марқұмға пайдасы жоқ және ол исламда арнайы талап етілмейді.

– Марқұмға үйде жанып тұрған шамнан пайда жоқ. Керісінше, бұл оған күнә болуы мүмкін. Ол сізге “шам жақ” деген жоқ. “Өзің шам-шырақ болып жан, ұрпағыңмен, тәрбиеңмен пайдаңды тигіз” деді. Бұл дүниедегі жарық о дүниені жарық қылмайды. Ол шамның жарығы сол бөлменің ішінде ғана қалады, – деді Нұрлан имам.

Ол марқұмға пайда әкелетін амалдар ретінде дұға жасау, сауапты іс істеу және жақсы ұрпақ тәрбиелеу маңызды екенін атап өтті.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.