Илья Ильин Дохада өткен Катар кубогынан елге оралды. Қазіргі таңда Қарағандыға келген спортшы қаладағы қайырымдылық шараға қатысып үлгерген. Жаңа жыл қарсаңында игі іс істеп жүрген ауыр атлет 2019-ды кіммен және қайда қарсы алатынын жасырмай айтты деп жазады NUR.KZ.
Фото: abctv.kz
Ильиннің айтуынша, ол мерекені өз жақындарымен өткізбек.
"Қазір ойланып жатырмын. Қызым болса Павлодарда. Оны бір жарым ай көрмедім. Ал жаңа жылды болса, әрине ата-анаммен қарсы аламын. Мереке күні үйде, дастархан үстінде отырып тойлаймыз" , - деді спортшы.