Премьер-министр Олжас Бектенов ІІ және ІІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға күтім бойынша жәрдемақы енгізу мәселесіне қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.
Үкімет басшысының айтуынша, бұл санаттағы азаматтар, әдетте, тұрақты күтімді қажет етпейді. Сондықтан мемлекеттік саясат олардың әлеуметтік бейімделуіне, оңалтуына және еңбекке араласуына бағытталған.
Сондай-ақ премьер мұндай жәрдемақыны енгізу инклюзивті қоғам қағидаттарына қайшы келуі мүмкін екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл бастама еңбекке ынтаның төмендеуіне, қоғамға кірігу үдерісінің әлсіреуіне және күтім рәсімдеудің негізсіз көбеюіне әкелуі ықтимал.