"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Игуаин Роналдумен ерегесіп, ойыннан шеттелді

Игуаин Роналдумен ерегесіп, ойыннан шеттелді

Аргентиналық бұрын "Ювентус" сапында ойнаған.

"Милан" шабуылшысы Гонсало Игуаин Италия чемпионатының екі матчінен шеттелді. Аргентиналық футболшы А сериясындағы "Ювентуспен" ойын кезінде (83-ші минут) Игуаин қарсыласын құлатқан үшін алдымен сары қағаз алды, осыдан кейін арбитрге айқайлап, қызыл қағаз алды. 

Алайда аргентиналық алаңнан кеткісі келмеді және "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду және өзге де бұрынғы командаластарымен шекісіп қалды. Ал алаңнан кетіп бара жатып көз жасын ұстай алмады. 

Айта кетейік, оқиға болған сәтте есеп туриндіктер пайдасына 2:0 болған, ал Игуаин бірінші таймда пенальтиден гол сала алмаған еді. 
Матч сол есеппен аяқталды - 2:0. "Ювентусте" Марио Манджукич (8-ші минут) және Роналду (81-ші) гол салды.

Аргентиналық ұзақ мерзімге шеттелуі мүмкін еді, алайда, матчтен кейін Игуаин және Роналду да ешқандай намысқа тиетін сөздер болмағанын айтты. Ал видеода футболшының ерніне қарап оқу оның төрешіге "Сен үнемі маған қарсы ысқырасың" деп айқайлағанын көрсеткен.

Дереккөз: vesti.kz

Автор
Арман