Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Яна Легкодимованы өлтірген қылмыскерлер «Қара бүркітке» жіберілді

Яна Легкодимованы өлтірген қылмыскерлер «Қара бүркітке» жіберілді
Фото: azh.kz

Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған қылмыскерлер Алтынбек Катимов пен Ризуан Хайыржанов 19 сәуір күні таңертең Атырау қаласындағы тергеу изоляторынан арнайы колонияға жөнелтілді, деп хабарлайды kznews.kz "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

Дереккөздің айтуынша, сотталғандарға этап туралы бар болғаны бір сағат бұрын хабарланған. Олар басқа да жазасын өтеушілермен бірге арнайы вагонмен жеткізілген.

Бұған дейін олардың нақты қашан этапталатыны белгісіз болып келген. Сот үкімі шыққанына бірнеше ай өтсе де, олар тергеу изоляторында ұсталып келген. Марқұмның анасы Галина Легкодимова Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне олардың қай уақытта жазасын өтеуге жіберілетінін түсіндіруді сұрап, ресми хат жолдаған еді.

Атырау облысының ҚАЖ департаменті бұған дейін Ұлттық ұланның арнайы қарауылы бөлінетінін және заңға сәйкес этаптау жүргізілетінін хабарлаған болатын.

Қазір сотталғандар, дереккөздің хабарлауынша, өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға арналған мекемеге жөнелтілген.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі