Instagram желісінде Қарақат Әбілдинаның билегені түсірілген видео кең таралуда.
Әнші хит әнге жұлқына билеп, желі қолданушыларын таңғалдырған. Ол заманауи “Опмай-опмай” әніне билеген. Мұны көрген желі қолданушылары да, әншінің өнердегі әріптестері де әншіні бұлай билейді деп күтпесе керек, желіде түрлі пікір білдіруде. Десе де әншінің қызуқанды биі көпшілікті тәнті еткенге ұқсайды.