Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Хайп қуам десем, менде де тақырып жетеді: Дариға Бадықова неге ажырасқанын ашық айтты

Хайп қуам десем, менде де тақырып жетеді: Дариға Бадықова неге ажырасқанын ашық айтты
Әлеуметтік желіден

Танымал актриса Дариға Бадықова бұрынғы жары, “Күйеу бала” сериалына бірге түскен актер Дархан Мұсаевпен неге ажырасқанын алғаш рет ашық айтты. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.

Бадықованың айтуынша, ол осы уақытқа дейін жеке өміріне қатысты көп жайтты жасырып келген.

“Кей адам киіммен, кей адам үнсіздігімен шешінеді. Мен — үнсіздігіммен... Себебі, менің үнім шықпағаны — әлсіздігім емес, тәрбием еді. Жалғыз әйелдің үнсіздігі — кейде айқайдан да қатты естіледі. Бірақ үндемеген сайын, біреулер арзан тірлік жасауда. Бір жақты пікірмен шешім шығарғандарға айтарым: Мен — сценарий емес, тірі адаммын!” — деп жазды ол.

Актриса өз еңбегі мен өнерін күлге айналдырмақ болған әрекеттерді “өнердің өзін қорлау” деп атады.

“Мен халыққа жеке өмірімді емес — жүрегімді, еңбегімді, өнерімді ұсынып келдім. Әрдайым өнер бөлек, жеке өмір бөлек деген позицияда болдым. Әйтпесе, хайп қуам десем, менде де тақырып жетеді”, — деді ол.

Бадықова ешкімнің алдында бас имегенін, жалғыз өзі қиындықты арқалап жүргенін айтты.

“Мені қарабет қылып, қолда бар шындықтың шетін ғана ұстап, айып таққандарға айтарым біреу: Сәл сабыр! Сәл сана! Сәл әділет! Асығыс шешім — өкініштің киімін ерте кигізеді. Менің де шындығым бар. Және ол шындық та айтылар күнге жетті”, — деп жазды актриса.

Бұл жазба желіде кеңінен таралып, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.