Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Халықаралық ғарыш станциясынан үш астронавт Жерге оралады

Халықаралық ғарыш станциясынан үш астронавт Жерге оралады

Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) экипажының үш мүшесі миссиясын аяқтап, Жерге оралады. Германиялық астронавт Александр Герст, америкалық астронавт Серена Ауньон-Чэнселлер және ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев 20 желтоқсан күні түске таман "Союз" ғарыш кемесінің капсуласымен Жезқазғаннан 150 шақырымдай қашыққа қонады.

Үш астронавт ғарыш станциясында 190 күннен астам уақыт болып, түрлі тәжірибе жасады. Осы аптаның басында Александр Герст экипаж командирі ретінде ғарыш станциясын басқаруды ресейлік ғарышкер Олег Кононенкоға тапсырған. Олег Кононенко америкалық астронавт Энн Макклейн және Канада автронавты Дэвид Сен-Жакпен бірге ғарыш станциясына желтоқсанның басында жеткізілген. Олар станцияда жарты жыл жұмыс істейді.

11 желтоқсан күні Кононенко мен Прокопьев халықаралық ғарыш станциясымен түйіскен "Союз МС-09" кемесінен саңылау тапқан. Саңылау ашық ғарыш кеңістігінде жұмыс істеп жатып кеме қаптамасын ашу кезінде байқалған.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Мадияр