KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Халықаралық есірткі арнасы жойылды

• Еркебұлан

Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі арнасының таратылғаны туралы хабарлады.

18 наурызда Шымкентте ҰҚК департаментінің қызметкерлері Қазақстанға есірткінің ірі партияларын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен С. азаматын ұстады.

"Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 10 келі Ауған гашиші тәркіленді. Қара нарықта тәркіленген есірткінің алдын ала құны 50 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу материалы Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.
Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →