"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Халықаралық армия ойындары-2019: финалдың ең айшықты сәттері

Халықаралық армия ойындары-2019: финалдың ең айшықты сәттері

Халықаралық армия ойындары 17 тамызда өз мәресіне жетті. Әскери жарысқа Мәскеу түбіндегі "Алабино" полигонында өткен "Танк биатлонының" айшықты финалы нүкте қойды

Халықаралық армия ойындарының финалы естен кетпестей өтті. "Танк биатлонындағы" жеңіс жолында ең үздік құрамалар бақ сынасты - Ресей (қызыл танк), Қазақстан (көк танк), Әзербайжан (сары танк) және Беларусь (жасыл танк).

Танкистер нысананы көздеп ату, жарысу, су кедергілерінен өту, жауынгерлік дайындықты көрсетуден сайысқа түскен.

Күн жаңбырлы болса да, трибунада ине шаншар орын болмады.

Тағы көріңіз: "Танк биатлонының" финалы - қызықты видео

Эстафетада Ресей танкистері жеңімпаз атанса, екінші орынды Беларусь командасы, үшінші орынды қазақстандық танкситер, төртінші орынды Әзербайжан құрамасы иеленген.

Бесінші Халықаралық армия ойындары әлемнің он елі аумағындағы 25 әскери полигонда өтті.


sputniknews.kz
Автор
Арман