Халық кеңесінің алғашқы сессиясы 23-24 қыркүйекте өтеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы құжатқа қол қойды.
Сонымен, сессия 23-24 қыркүйекте Астанада өтеді. 22-қыркүйекте қабылданған құжатқа сәйкес, сессияны өткізуді ұйымдастыру Қазақстан Халық кеңесінің Хатшылығына тапсырылды.
Сессияның нақты күн тәртібі мен қаралатын мәселелері әзірге жарияланған жоқ.
Бұл шешім "Қазақстан Халық кеңесі туралы" Конституциялық заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданған.
Айтпақшы, қоғамды "Халық кеңесін кім басқарады?" деген сұрақ қызықтырып отыр екен. Сарапшы Ғазиз Әбішев өзінің телеграмм арнасында осы тақырыпты көтереді.
- Экс-спикерлер Қошанов пен Әшімбаев ҚХК тізімінде жоқ. Қазақстан Халық Кеңесін кім басқарады? "Әділет" партиясының негізін қалаушылардың бірі Рауан Кенжеханұлы немесе Бағдат Мусин бе? Әлде тәжірибелі бұрынғы депутаттардың бірі - Мұрат Әбенов, Еділ Жаңбыршин немесе Нұртай Сабильянов па?,- дейді сарапшы Ғазиз Әбішев.
Ал заң бойынша ҚХҚ төрағасын сырттан тағайындау емес, ол орынға сырттан кандидат ұсыну мүмкіндігі қарастырылған екен. "Қазақстан Халық Кеңесі туралы" 2026 жылғы 5 маусымдағы №298-VIII Конституциялық заңның 8-бабында "...төраға ҚХҚ сессиясында төрт жыл мерзімге сайланады; кандидатураны Президент және/немесе Кеңес мүшелерінің кемінде үштен бірі ұсына алады" деген анықтама бар.
Бірақ, сайлауға қатысып, төраға болатын адам 126 мүшенің ішінен болуы тиіс деген мәселе заң мәтінінен тікелей айтылмаған, яғни, "төраға тек Кеңес мүшесі болуға тиіс" деп жазылмаған көрінеді.
Қысқасы, Қазақстан Халық кеңесінің жаңа төрағасы кім болатыны ертең анықталады...