Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Хабиб Нұрмұхамедов Қарағандыға келді

Хабиб Нұрмұхамедов Қарағандыға келді

Кеше аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, белгілі ресейлік спортшы Хабиб Нұрмұхамедов Қарағанды қаласындағы Балалар үйін арнайы зиярат етіп, тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.

«Бүгін, 27-қаңтарда ресейлік ережесіз жекпе-жек шебері Хабиб Нұрмұхамедов, құпия түрде ешқандай БАҚ өкілдерінсіз Қарағандыдағы балалар үйіне келді. Спортшы тәрбиеленушілерді жақсыға ұмтылуға, спортпен шұғылдануға және теріс әдеттерден аулақ болуға шақырды», — деп жазылған «Қарағанды патриоттары» атты Instagram парақшасында.

«Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстаныңдар»,-дейді Хабиб Нұрмұхамедов балалар үйінің тәрбиеленушілеріне.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Қарағандыда тұратын Александр есімді жас жігіт UFC чемпионынан жергілікті балалар үйінің тәрбиеленушілеріне өз өмірі жайлы жазылған кітапты сыйға тартып, оларға спорттағы жетістігі туралы айтып беруді сұраған. Бұл өтініш хатқа жауап берген Нурмагомедов міндетті түрде Қазақстанға келетінін мәлім еткен болатын.

Дереккөзі: muslim.kz

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Жандос