"Ол 100 пайыз ресми түрде зейнетке шықты. Сенің жұмысыңды жоғары бағалаймыз. Көп рақмет. Сәттілік тілеймін, досым", – деп жазды Уайт.
32 жастағы Хабиб Нұрмагомедов 29 мәрте аралас жекпе-жек өткізіп, бір де бір рет жеңілмеді. UFC-те ол 2012 жылдан бері 13 мәрте жеңіске жетті.
2020 жылғы қазанда Нұрмагомедов жеңіл салмақта UFC чемпионы атағын үшінші мәрте қорғады. Бұл жолы ол америкалық Джастин Гейджиді жеңді.
UFC (Абсолют жекпе-жек чемпионаты) чемпионы Хабиб Нұрмагомедов спорттағы мансабын аяқтады. UFC басшысы Дэйна Уайт твиттерде осылай деп хабарлады.